Рудный қаласының прокуратурасы тексерістің нәтижелері бойынша балабақшаларда балаларға арналған орындарды бөлу тәртібін сақтамаудың және оларда заңсыз болудың фактілерін анықтады.
Прокурордың қадағалау актісін қараудың қорытындылары бойынша көру және сөйлеу қабілеті бұзылған мектепке дейінгі ұйымдар мен мамандандырылған топтарға заңсыз барып жүрген 16 бала кейіннен орындарды кезектілік тәртібінде берумен балабақшалардан шығарылған болатын.
Білім бөлімімен кезектілігі бұзылған 8 балаға жолдау берілді.
Кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Рудный қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің басшысы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкес қызметіне толық сәйкес еместігі түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
Осылайша, прокуратураның шараларымен кезектілікті манипуляциялаудың практикасы жойылды және балабақшаларға балаларды есепке қою және кезектілікке қоюға байланысты өтінішті қабылдаудың автоматтандырылған процесінің ақпараттық жүйесі енгізілді.
Қостанай облысының прокуратурасы


