2020 жылғы 13 ақпанда ҚР Елшісі Теміртай Ізбастин Пазарджик қаласына барып, қаланың әкімі Тодор Поповпен кездесті.
Кездесу барысында ҚР Елшісі Қазақстанның экономикалық, инвестициялық және экспорттық әлеуеті туралы және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы ақпаратты әкімге жаң-жақты жеткізді.
Сонымен бірге, ҚР Елшісі Пазарджик қаласындағы кітапханаға барып, "Абай" орталығын ашу мәселесін талқылады.



