
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған қылқалам және қолөнер шеберлері арасында «Ел іші өнер кеніші» атты аудандық көрме ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты - биылғы жылы Ұлы Абай тойының қарсаңында ашылуға жоспарланып отырған Құнанбай Өскенбайұлы музейіне сол заман көрінісі
туралы мәлімет беретін жәдігерлерді, көне заттарды жинап, ел назарына ұсыну.
Сондай ақ халқымыздың асыл қазынасы ұлттық қолөнерді насихаттау. Көрмеге барлық ауылдардан қолөнер шеберлері, ардагерлер, өлкетанушылар және шығармашыл жастар қатысты. Көрме қорытындысы сәуір айында өтетін ақтық кезеңінде шығарылады.
Үздік жұмыстар баба тойына келген туристерге кәдесый ретінде ұсынылатын болады.



