ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕСІМЕН ТАНЫСУ ЖАЛҒАСУДА

    kostanai-til-udalen·
    ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕСІМЕН ТАНЫСУ ЖАЛҒАСУДА

    2019 жылдың 25 сәуірінде Қостанай қаласының № 16 мектепте латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге мектептің бастауыш сынып оқушылары мен тіл мамандары қатысты. Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К. Бимағанбетов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан тіл реформасымен ақпараттандырды. «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г. Крикпенова қатысушыларды 2018 жылдың 6 желтоқсанында Қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссиясы мақұлдаған жаңа емле ережелерімен таныстырды. Ақпараттық жиынға қатысқан мектеп мұғалімдері белсендік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады. Өз ой пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын да айтты.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.