
Көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайындалу мақсатында оқу-жаттығу өткізілді
Бүгін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында «Басқару органдарын, АҚМЖ күштері мен құралдарын 2020 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбымен «Көктем – 2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Төтенше жағдайларға дайындалу мақсатындағы оқу-жаттығуға аудан әкімі Айбек Қосуақұлы қатынасты. Жаттығу барысында азаматтық қорғаныс күштерінің көктемгі су тасқынына жан-жақты дайындығы, төтенше жағдайлар туындаған кездегі әрекеттері мен құрал-жабдықтардың әзірлігі пысықталды.
Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



