РЕСПУБЛИКАНСКИЙ КОНКУРС АКЫНОВ «ӨЗІМІЗДІҢ БИ-АҒА»

    kostanai-til-udalen·
    РЕСПУБЛИКАНСКИЙ КОНКУРС АКЫНОВ «ӨЗІМІЗДІҢ БИ-АҒА»

    2019 жылдың 5 шілде күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы бірлесіп қазақтың көрнекті жазушысы, жерлесіміз Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «ӨЗІМІЗДІҢ БИ-АҒА» атты республикалық жазба ақындардың жыр мүшәйрасын өткізді.

    Аталған мүшәйраның негізгі мақсаты - Би ағаның рухын тербетіп, халқының жолына арнаған өмірі мен шығармашылығын насихаттап, төл тілімізді құрметтеп, тіл мәдениетін жетілдіру. Мүшәйраға республикамыздың түпкір-түпкірінен 30-дан астам жұмыс келіп түсті. Іріктеуден 13 ақын өтті. Олар Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Түркістан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері.

    Бейімбет Майлинді еске алып, шығармаларын жаттап, сырларын көкірекке түйген, жырдан күмбез жасайтын – қаламгер ақындарымыз Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған арнау, ұлы даланың перзенттері және т.б. еркін тақырыптық бағыттардағы шығармаларын орындады.

    Ақындардың өнеріне есімі елге белгілі, өнер майталмандары баға беріп қазылық етті. Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облыстық филиалының директоры, ақын, Ғұмар Ғарифұлы АХМЕТЧИН, Ақын, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі, Б.Майлин атындағы сыйлықтың иегері, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының профессоры ОСПАНҰЛЫ Серікбай, Ақын, республикалық жазба ақындардың жеңімпазы, «Костанай таңы» газетінің редакторы ҚҰЛАБАЕВ Нұрқанат Жүнісұлы, Ақын, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің әдебиет аталымы бойынша Гран-при иегері, республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлделі орындарына ие болған, «Қостанай» телеарнасының тілшісі МАУДАНОВ Абылай Фазылханұлы.

    Сонымен қатар, аталған мүшәйраға Б.Майлиннің туыстары Солтүстік Қазақстан облысында тұратын Бейімбет Майлиннің немересі Дәметер Әбілқасымқызы Сейтжанова және Алматы қаласындағы Бейімбет Майлин қорының Президенті, Бейімбет Майлиннің шөбересі Салтанат Әбірқызы Мұстафина, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Бейімбет Майлиннің шөбересі Шагиров Қайрат Талапкерұлы, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Бейімбет Майлиннің шөпшектері Саятпен Айсұлтан қатысты.

    Іс шара барысында Б.Майлиннің туған ауылына, Бейімбет Майлин ауданына, Қостанай қаласы бойынша экскурсия өтті.

    Мүшайраның қорытындысы бойынша «ӨЗІМІЗДІҢ БИ-АҒА» атты республикалық мүшәйрасында БАС жүлдеге ие болған Нұр-Сұлтандық Серікбай Әбілмәжін ақшалай 200 мың теңге сыйлықпен, жүлделі І орынға ие болған Кенжеғозин Ғалымгерей Рудный қаласынан ақшалай 150 мың теңге сыйлықпен, жүлделі ІІ орынға ие болған ақтөбелік Гүлімай Қуанышова ақшалай 100 мың теңге сыйлықпен және ІІІ орынға ие болған Нұр-Сұлтан қаласынан келген Скакова Жұлдызай ақшалай 50 мың теңге сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, Павлодарлық Хонж Алпысбай және Қостанайлық Ерекина Жанна арнайы сыйлықтарға ие болды. «ӨЗІМІЗДІҢ БИ-АҒА» республикалық жазба ақындардың жыр мүшәйрасының қатысушыларына қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.

    Аталмыш іс шара Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртістерінің концертімен аяқталды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.