Президенттің алғыс хатымен марапатталды

    Президенттің алғыс хатымен марапатталды

    Бүгін облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңының 30 жылдығына орай, облысымызда мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып, еңбек етіп жүрген қоғам қайраткерлерін, зиялы қауым өкілдерін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапаттады.

    Атап айтар болсақ, Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, «Кәсіпкер» журналының бас редакторы Гүлжиян Сүлейменова, ақын, халықаралық Алаш сыйлығының иегері Әміре Әрін, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Атсалим Идигов, «Қазақ тілі қоғамы» Қарасай аудандық ұйымының төрағасы Шара Қанатқұлқызы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды.

    Сізді «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына отыз жыл толуына орай, мемлекеттік тілдің мерейін өсіріп, қолданылу аясын кеңейтіп, ұлтаралық қатынас құралына айналуына сіңірген еңбегіңізге зор алғыс білдіремін – деп жазылған алғыс хатта.

    1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР Заңы қабылданып, қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі мәртебесін алған болатын. Биыл аталған Заңның қабылданғанына 30 жыл толып отыр.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.