Латыннегізді әліпбидің емле ережелерін оқыту курсы басталды

    Латыннегізді әліпбидің емле ережелерін оқыту курсы басталды

    Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында ересек аудиторияларға латыннегізді әліпбидің емле ережелерін меңгерту бойынша оқыту курсы басталды. Аталған курсқа қатысатын тыңдаушылар қатарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы, Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана қызметкерлері, Алматы облысының полиция, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, сондай-ақ жеке тұлғалар бар. 24 сағатқа арналған курс тыңдаушылары жаңа әліпби бойынша оқып, жазуды үйреніп қана қоймай, оның емле ережесін жете меңгеріп, анықтама алып шығатын болады.

    Соңғы кездері латыннегізді әліпбиді үйренуге деген ересектердің қызығушылығы басым. Оны оқу курсына көптеп келіп жатқан жеке тұлғалардың өтініштерінен байқауға болады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.