Көп тілді білу – заман талабы

    Көп тілді білу – заман талабы

    Тіл сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен 18 бен 22 жас аралығындағы үш тілді жетік меңгерген азаматтар арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті.

    Шараны Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев ашты. Өз сөзінде ол олимпиаданы өткізудегі мақсат Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы мақсат-міндеттерді іске асыру болып табылатындығын айтты.

    Көп тілді білу – заман талабы. Біздің меже үздік отыздыққа ену десек, «Тілдарын» секілді олимпиада сол мақсатқа жетуді жеңілдете түспек, – деген басқарма басшысы олимпиадаға қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

    Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, жастар арасында тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу міндеттерін алға қойған аталмыш сайысқа 15 жас қатысып, бақтарын сынады.

    Қатысушылар тақырыпқа сай эссе жазу, берілген тапсырма бойынша жарнама жасау, ілеспе аударма жасау сынды тапсырмаларды орындады. Үш кезең бойынша үш тілде тапсырмаларды орындауда олимпиадаға үміткерлердің тілдерді меңгеру деңгейі, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы, жауаптың оралымдылығы мен сапасы, мазмұндылығы мен ерекшелігі ескеріліп, жоғары деңгейде білім көрсеткен жеңімпаздар анықталды.

    «Тілдарынның» бас жүлдесі Панфилов ауданынан қатысқан Айжан Тұрғанбаеваға табысталса, бірінші орынға талдықорғандық Әйгерім Байбекова лайық деп табылды. Жүлделі екінші орынды қараталдық Диана Аипова иеленсе, үшінші орын айдынды Алакөлден келген Қымбат Әубәкіроваға берілді. Ал, қарасайлық Шолпан Раимбек пен Еңбекшіқазақ ауданынан қатысқан Гүлдана Елекенова ынтыландыру сыйлығын алды.

    Жеті жұрттың тілін, жеті түрлі білім білуге талпынған олимпиадаға қатысушы жастарға басқарманың алғыс хаты берілсе, жеңімпаздар арнайы диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

    Үш кезеңдегі үш айналымнан сүрінбей өтіп, бас жүлдені иеленген Айжан Тұрғанбаева республикалық сайыста Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.