Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі

    Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі

    Сағыныш Намазшамова, ақын, Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің бас инспекторы: «Жалпы, жаңғыру дегеннің өзі не? Мәселен, жолды жаңғыртудан өткізсек, жол тақтайдай түзуленеді, сапасы жақсарады, талапқа сай жаңарады. Ғимаратты жаңғыртсақ, сырланады, жаңа келбетке ие болады. Көрінеу нәтиже ме? Көрінеу! Біздің маңайымыз өзгеріп жатыр, жаңарып жатыр, түрленіп жатыр дейік, ал өзіміз өзгердік пе? Сананы жаңғырту деген не? Оны қалай жаңғыртамыз? Ол өзі көзге көрінетін процесс пе?

    Міне, рухани жаңғыру осындай сұрақтардан басталуы керек.

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы аса сүбелі үлестің бірі – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру.

    Бұл шешім – тарихи шешім, бүгінгі кезең – тарихи шақ, бұл әрекет – уақыт талабы.

    Латын графикасына көшуде негізгі мақсат – ұлттық тіліміздің ерекшеліктерін сақтай отырып, әлемдік даму үрдісіне төл әліпбиімізбен ілесу, жай ілесу емес, ілгері шығу. Оған қоса негізгі фактордың бірі – техниканы қолданудағы мүмкіндіктеріміздің артуы. Мысалы, ғалымдар ұсынған алғашқы нұсқа техника тіліне бейімделіп жасалғанымен, лингвистикалық тұрғыда олқылықтары көп болды. Жалпы техникалық мүмкіндіктердің өзі ұлттық мүддеге жұмыс істеуі керек. Реформаның түпкі негізінің өзі де осы ойдан туындағандықтан, көпшіліктің ой-пікірі ескерілген, әлдеқайда жетілдірілген екінші нұсқа да таныстырылды, қазір ол халық арасында қызу талқыланып жатыр.

    Халық «біз ғалым емеспіз» немесе «тіл маманы емеспіз» деп қарап отырған жоқ, немқұрайды кейіпте үнсіз қалған жоқ, Осы белсенділіктің өзі рухани жаңғырудың алғашқы сатыларына сенімді түрде аяқ басқанымызды білдірсе керек».

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.