
Қазақстан Республикасы атынан ҚР ИИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасы Надырбаев Ақбатыр, жер қойнауы қоры және сараптау басқармасының басшысы Абытов Фархат, жер қойнауы қоры және сараптау басқармасының бас сарапшысы Сражадинова Айдана, «ПОНЭН» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фрейман Георгий және У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және гидрофизика институтының директоры Абсаметов Малис қатысты.
Осы іс-шара шеңберінде БҰҰ ресурстарын басқару жүйесі және ресурстар бойынша БҰҰ Шеңберлік классификациясын қолдануға бағытталған семинарлар қарастырылған.
Надырбаев Ақбатыр «Қазақстан қорлары мен минералды ресурстардың болжамды жіктелуі және РКООН-2009-мен үйлесімділік мүмкіндігі» баяндамасымен сөз сөйледі.



