Жаңа емле ережелері бойынша 60 маман сертификат алды

    Жаңа емле ережелері бойынша 60 маман сертификат алды

    Бүгін «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинардың қорытындысы бойынша латыннегізді қазақ жазуын ересек аудиторияларға үйрететін болашақ тренерлерге (оқытушыларға) салтанатты түрде сертификат тапсыру рәсімі болып өтті. Латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін оқыта, түсіндіре алатын білікті мамандар дайындауды мақсат тұтып отырған мұндай республикалық шара ең алғаш Алматы облысынан басталып отыр.

    Екі күнге созылған семинарға қатысушылар «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің мақсаты», «Жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы», «Бірге жазылатын сөздердің емлесі», «Дефиспен жазылатын сөздер емлесі», «Шеттілдік сөздердің орфографиялануы және орфоэпиясы», «Бас әріппен жазылатын сөздердің емлесі» тақырыптары бойынша білімдерін жетілдірді.

    Аталған шараға сертификат табыстау үшін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Уәли Нұргелді Мақажанұлы арнайы келді.

    Семинарды Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орфография басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Жаңабекова Айман Әбділдәқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты фонетика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Аманбаева Айсәуле Жантемірқызы, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Жұмабаева Жанар Төлендіқызы жүргізді.

    Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қызметшілері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» оқытушылары, аталған орталықтың аудандық, қалалық филиалдарының оқытушылары, қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметшілері, «Азаматтарға арналған үкімет», Ұлттық банк, «Қазпошта» АҚ мекемелерінің филолог мамандары, барлығы 60 адам сертификат алды.

    Шара соңында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы Башбаев Астана және Алматы қалаларынан келген оқытушыларға барша Жетісу жұртшылығы атынан алғыс айтты.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.