
7.12.2019ж Маңғыстау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Асар» ақпараттық-талдау орталығының қолдауы аясында ДДА зардап шеккен тұлғаларға арналған «Адептермен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері» атты семинар-тренинг аяқталды.
Үш күнге созылған семинар-тренинг барысында «Асар» ақпараттық-талдау орталығының психолог мамандары дәріс оқып, «Отбасының психологиялық портреті», «Тунел», «Контрабанда», т.б. психологиялық ойындарын жүргізді. Семинар соңында мамандарға сертификат табысталып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.



