
30.11.19ж Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруы аясында «Асар» ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен Жаңаөзен қаласының мешіт жамағаттарының арасында футболдан жарыс өтті.
Жамағаттардың ауызбіршілігін, татулығын арттыру, бір-біріне деген сыйластығын күшейту мақсатында өткізілген жарыста 1-ші орынды ерікті жамағат "ФОК" командасы алса, 2-ші орынды Жаңаөзен орталық мешіті алды, ал 3-ші орынды Әбіш Қожа мешіті алып, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Бұдан бөлек Жаңаөзен қалалық орталық мешітінің ойыншысы Байдаулетов Райымбек «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталса, «Үздік ойыншы» номинациясымен Жаңаөзен қалалық орталық мешітінің ойыншысы Маметов Мұхаммед-Али марапатталды.



