
11.12.19ж Маңғыстау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруы аясында «Асар» ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен оқушылардыңдіни сауатын арттырып, ұлттық салт-дәстүрді ислам дінімен сабақтастыру мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында Мұнайлы ауданындық Мәдениет үйінде «Дін саласы бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында дебаттық сайыс өткізілді.
Аталмыш сайыста «Болашақ» - Жақтаушы топ, «Парасат» - Даттаушы топ өзара сайысып, «Діни экстремистік әрекеттердің зияны дегенді қалай түсінесіңдер?», «Адамдар не себептен деструктивті діни ағым ықпалына түседі?», «Музыканың үкімі қандай? Даңғаза әуеннің зияны бар ма?» «Шариғатта көз тию деген ұғым бар ма? Кішкентай балаларға тұз, көзмоншақ тағып қояды. Осы дұрыс па?», т.б. сұрақтарға жауап іздеп, 2 топ өзара пікір алмасып, нәтежиесінде «Парасат» тобы жеңіске жетті.
Сайыс соңында әр қатысушылар марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.


