
14-16 ақпан күндері аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында «Bishkek PRO International» халықаралық турнирі өткен еді.
Байрақты додаға 5 мемлекет, 200 ден аса спортшылар қатысып, бақтарын сынап чемпиондық белбеу үшін тартысқа түсті.
Үш күнге жалғасқан тартысқа толы жарыста Сарқан ауданының спортшылары ерлеп, 2 алтын, 1 қола медальді жеңіп алды.
Айта кеткен жөн, чемпиондық белбеуді ауданымыздың тумасы Мағжан Байғарым жеңіп алып, турнир жеңімпазы атанды.
Турнир жеңімпазы Мағжанның айтуынша, "Менің осы додада топ жарып Қазақ елінің әнұранын бірге қосыла шырқау, елімнің көк туын бәрінен биік тұрып, желбіреуі маған ұмытылмас бақыт сыйлады. Маған қолдау танытқан барлық жандарға, өз алғысымды білдіремін. Елімнің көк туын жақын күндері өтетін әлем чемпионатында биікке көтеремін деп сөз беремін", - деді.
Сонымен қатар, 11-17 сәуір күндері БАӘ Абу-Дабиде джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтпек, осы жарысқа ауданымыздан 6 спортшы қатыспақ.



