Партия активімен кездесу өтті

    Партия активімен кездесу өтті

    «Nur Otan» партиясының қайта жаңғыру шеңберінде Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың берген тапсырмаларының орындалу барысын, сондай-ақ, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасымен алда атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді талқылау аясында бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат партия активімен кездесу өткізді.

    Бүгінгі кездесуге аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық маслихат депутаты, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, аудандық «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Жиында облыстық маслихат депутаты Жамал Ағабдолдақызы өз сөзінде:
    «2019 жылдың 21 тамызында өткен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында және 25 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен басқосуда «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың берген тапсырмаларын орындау басты мақсатымыз. Ел дамуының жаңа биігіне ұмтылып, «Қазақстан 2050» Стратегиясымен 100 нақты қадам Ұлт жоспарының іске асуына жұмыла қызмет етіп, еліміздің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарынан табылуына жұмыс жасау басты міндетіміз», - деді.

    Сонымен қатар, партия күні қарсаңында партия қатарына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасын және партия белсенділерін марапаттау рәсімі өтті.
    Жиынан соң «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат және аудан әкімі Марат Мелісұлы қоғамдық қабылдаумен жалғасты. Қабылдауға Сарқан қаласы, Қойлық және Бірлік ауылының тұрғындары келіп, жеке мәселелерін көтерді.

    Көтерілген сұрақ бойынша заң аясында түсіндіріліп, қанағаттанарлықтай жауап берілді. Тиісті тапсырмалар жүктеліп, өзекті деген сұрақтар қатаң бақылауға алынды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.