
Біз ең әуелі адам баласын жоқтан бар етіп жаратқан Жаратушы Иемізге шүкір айтамыз. Шынында, Алланың адам баласына берген нығметінің шегі жоқ. Әрбір атқан таңды амандықпен қарсы алудың өзі баға жетпес нығмет емес пе? Әр күнімізге шүкір айтамыз.
Өйткені, Алла Тағала мына аятта әуелі өзіне шүкір етуге, содан кейінгі кезекте ата-анаға шүкіршілік етіп, алғыс айтуға шақырады: "Маған және әке-шешеңе шүкіршілік ет, қайта оралар жер менің құзырым".(Лұқпан, 14)
1 наурыз - "Алғыс айту" күні. Ең алдымен елімізде тыныштық пен үңдестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Адамдар арасындағы мейірбандық пен достық, татулық пен құрмет, сынды құңдылықтарды арттыра түсетін айтулы күнде айналамызға алғыс айтып, тілеулестігімізді білдіре жүрейік, ағайын! Сіздерге мың алғыс! Баршаңызға Алланың амандығы мен берекетін тілеймініз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин!
Ізгі ниетпен, Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Ә.І.Елжанов


