
Төлеби ауданында жылыжайлар саны артып келеді. Өңірдегі диқандар егін салып, оларды күтіп-баптау жұмыстарын бастап кеткен.
Атап айтқанда, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі жеке кәсіпкер А.Ералиев 5 соттық жерге қызанақ еккен болатын. Диқан наурыз айының соңында өнім алуға дайын.
Аталған елді мекенде кәсіпкер Қ.Садырбаев жылыжайында салат жапырақтарының көшеттері отырғызылуда. Мұнда тамшылатып суару әдісі қолданылады.
«М-Нұрай» ЖШС 1,78 га, «Жас Ұлас» ЖШС 1,2 га жылыжайда көшеттер егу үшін дайындық жұмыстарын аяқтады.
Алғабас елді мекенінде жеке кәсіпкер Н.Бурибаев ауданы 45х6 м болатын жылыжайда көшет өндірумен айналысуда. Онда қызанақ, болгар бұрышы дәндері себілген. Алдағы уақытта қарбыз, қауын дәндерін себуді жоспарлауда.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі



