
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық әкімдік отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Жайылымдарды цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары;
2. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселелері;
3. Су тасқыны қауіпі бар кезеңге дайындық барысы;
4. Короновирустың симптомдары және оның алдын алу шаралары туралы баяндалды.
Сонымен қатар:
1. 2020 жылдың ақпан айында "Адамзаттың Абайы" атты іс - шаралар тұжырымдамасына сәйкес атқарылған жұмыстар;
2. Бруцеллёз ауруының алдын алуға байланысты жұмыстар туралы ақпараттар берілді.
Жоғарыда аталған жұмыстар барысы нақтыланып, тиісті тұлғаларға тапсырмалар берілді.



