
Бүгін Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай арналған "Абай туған жер осы" атты аудандық байқау Құндызды ауылы көркемөнерпаздарының концертімен қорытындыланды. Құндызды ауылы Елбасына бата берген абыз Шәкір Әбеновтің елі, 17 ақын шыққан киелі өлке, Қазақ күресінен бірнеше рет әлемді мойындатқан Айбек Нұғымаровтың, қазақ елінің бүгінгі уақыттағы талантты күйшісі Айбек Бекбосыновтың аяулы мекені.
Концерттік бағдарламада М.Әуезовтың шығармасынан "Ажар мен Айдар" көрінісінен үзінді қойылып, ұлы Абайдың шығармалары орындалды. "Туған жерге тағзым" акциясы аясында жерлес күйшіміз Айбек Бекбосынов ауыл концертіне арнайы қатысып, ауыл халқына тәтті күйлерін орындап өнер көрсетті.
Осы іс шаралардың барлығы Ұлы Абайдың мол мұрасын насихаттау мақсатында өткізілуде.


