
Республикалық «Жасыл ел» жобасы ел жастарына жазғы демалыс уақытында студенттер жасақтарында әртүрлі бағыттарда жұмыс жасауға мүмкіндік сыйлайды. Атап айтқанда, құрылыс саласында, өз қаласы мен елді мекендерді абаттандыру (ағаш отырғызу, көгалдандыру, ормандар мен су қоймаларын санитарлық тазалау және т.б.).
Бағдарлама аясында жұмыс жасау үшін тиісінше құжаттар қажет: жеке куәлік; зейнетақы қорымен келісім-шарт; дербес шот («Қазпошт а» АҚ немесе банкте); 086У түріндегі денсаулығы жайындағы анықтама; фото 3х4 (2 дана); егер студент 18 жасқа толмаған болса ата-анасының жазбаша рұқсаты қажет.
Үстіміздегі жылы бағдарлама аясында еңбек маусымында абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарға ерікті жастар іріктелуде. Сондықтан жазғы демалыс уақытыңызды тиімді пайдаланып, қаламыздың гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жауапты: «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Асқар Баженов.
Қосымша ақпарат: 8(702) 666-27-99



