Атаулы әлеуметтік көмектің шарапатын көрген көпбалалы ана

    Атаулы әлеуметтік көмектің шарапатын көрген көпбалалы ана

    Түркістанның тұрғыны Талшын Сүйінбаева атаулы әлеуметтік көмек алған көпбалалы ананың бірі. 300 мың теңге көлемінде қаржылайкөмек алған ол қыз жасауын тігуге машықтанған. Негізгі мамандығы медицина саласының маманы. Уақытында емханалардың бірінде жұмыс жасап, жаны тігіншіліке құмартқан соң ісмерлік іске кіріскен. Құрақ көрпеше, жастық тігеді. Айтуынша қаржыға 2 тігін машинасын, керекті шикі зат өнімін (мата)сатып алған. Жас кәсіпкер ретінде кәсібін дамыту жоспары да бар.

    Жалпы Түркістан қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге республикалык және жергілікті бюджет есебінен 1 1 462 307,0 мың тенге қаржы қаралған. (РБ-850 248,0 мың тенге, ЖБ-612 059,0 мың тенге).

    Жыл қорытындысымен 3085 отбасыға 1 314 811,3 мың теңге тағайындалған. Оның ішінде 2542 отбасына шартты ақшалай көмек 1 167 415,2 мың тенге, ал 543 отбасына 147 396,1 мың тенге қаржы шартсыз ақшалай көмек берілген.

    Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.«Өрлеу» пилоттық жобасы ретінде жүзеге асқан мемлекеттік бағдарлама «Атаулы әлеуметтік көмек» болып өзгертілді. Бұл бағдарлама бойынша жалғысбасты анаға квартал сайын (үш айда бір), сонымен бірге 4 балалы болып, күйеуі жұмысқа жарамсыз болса (2-топ мүгедек) шартсыз ақшалай көмек беріледі. Ал, еңбекке қабілетті жанұяға шартты ақшалай көмекті алты ай ішінде тағайындалады.

    Бүгінде осы шартты ақшалай көмектің шарапатын көрген бірқатар түркістандық отбасылар кәсіптің көзін тауып, нәсібін игеріп отыр.

    Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.