Байқаушылар тізімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Байқаушылар тізімін қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Түркістан қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады. Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы болуға ниет білдірген адам 2-қосымшаға (өтініштің электрондық нұсқасынwww.Тurakimat.gov.kz сайтынан алуға болады) сәйкес нысан бойынша байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті Түркістан қаласы әкімі аппаратына ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

    Коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын қабылдау: хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні мерзімінде күнделікті 9.00 мен 19.00 сағат аралығы (жұмыс күндері). Түскі үзіліс 13.00 мен 15.00 сағат аралығы.

    Түркістан қаласы әкімі аппаратының мекен-жайы: Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3 үй, электрондық пошта [email protected], құжаттарды қабылдауға жауапты Б.Қалданов, телефон 4-27-66.

    Түркістан қаласы әкімі аппараты

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.