
Түркістан қаласы әкімі аппараты, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес және Түркістан қаласының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу туралы конкурс өткізеді.
Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сандық құрамы төрағаны қоспағанда 9 (тоғыз) мүше деп белгіленді. Оның ішінде, 6 (алты) мүше азаматтық қоғамнан (коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан) іріктелінеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 1-қосымшағасәйкес, нысан бойынша өтініш; (өтініштің электрондық нұсқасынwww.Тurakimat.gov.kz сайтынан алуға болады)
2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын қабылдау: хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні мерзімінде күнделікті 9.00 мен 19.00 сағат аралығы (жұмыс күндері). Түскі үзіліс 13.00 мен 15.00 сағат аралығы.
Ескерту: Коммерциялық емес ұйымдар және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.
Түркістан қаласы әкімі аппаратының мекен-жайы: Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3 үй, электрондық пошта [email protected], құжаттарды қабылдауға жауапты Б.Қалданов, телефон 4-27-66.
Түркістан қаласы әкімі аппараты



