110 меншік иесі келісіп, 61 нысан бұзылды.

    110 меншік иесі келісіп, 61 нысан бұзылды.

    Түркістан қаласы облыстың орталығы болуына орай қала аумағындағы жаңа жоспар бойынша көптеген нысандардың құрылысы жүргізіледі. Осыған орай, 98 гектар жерді құрайтын екінші аймақ аталатын «Рухани-мәдени орталық» аймағына қажетті жерді дайындау мақсатында қала әкімінің қаулысымен мемлекеттің қажеттілігі үшін 168 нысан мен жер телімін (14 кәсіпкерлік, 154 тұрғын үй) қайтару жұмыстары жүргізілуде.

    Осы 168 нысанның бағалау жұмыстары 2 040 123 172 теңгені құраған. Бағалау жұмыстарын мемлекеттік бағалау стандарттарына және «Мемлекеттік мүлік» және «Бағалау қызметі» заңдарына сәйкес «Экспо Оценка» ЖШС жүргізді.

    Жалпы жер қайтару жұмыстары «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы мен ҚР «Жер кодексіне» сәйкес жүргізілуде.

    Қазіргі таңда бұзылуға тиіс 168 нысанның 110 меншік иесі келісім берді.

    Оның ішінде 86 меншік иесіне бүгінде 1 млрд 120 млн 636 мың теңге өтемақы төленді. 61 нысанға бұзу жұмыстары жүргізілді. 5 меншік иесімен келіссөздер жүргізілуде.

    53-нысанның меншік иелері келісім беруден бас тартуына байланысты сотқа талап арыз жолданды.

    Бұзу жұмыстарына әкімдік тарапынан көмек тобы құрылып, арнайы техникалар мен жұмысшы тобы құрылыс материалдарын тұрғындардың қалаған мекен-жайларға жеткізіп беруде.

    Осы аталған 98 гектар жердегі « Рухани-мәдени орталық» аймағынан бой көтеретін нысандар: «Ұлы дала елі» кешені, «Қожа Ахмет Ясауи мұражайы», «Амфитеатр», «Шығыс моншасы», «Әуенді су бұрқақ», «Қабылдау Орталығы» мен «Түркі халықтарының ғылыми кітапханасы».

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.