ЖҮРЕККЕ ЖЫЛЫЛЫҚ СЫЙЛАДЫ

    ЖҮРЕККЕ ЖЫЛЫЛЫҚ СЫЙЛАДЫ

    ЖҮРЕККЕ ЖЫЛЫЛЫҚ СЫЙЛАДЫ

    Еліміздің Президенті, кемеңгер көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандықтарға арнаған Жолдауын сүйсініп әрі тамсанып, тұшынып оқып шықтым. Алтын күздің шұғыласындай көпұлтты қазақ елінің жүрегіне жылылық сыйлаған Елбасымыздың бұл жолғы кезекті Жолдауының мән-маңызы ерекше. Тарихи құжат елдің бүгіні мен болашағын айқындап бергендей. Алдымен, бірінші байлық денсаулыққа тоқталсақ, адамзат баласына не қымбат, жан қымбат! Сол үшін Қазақстанда 100 спорт кешені бой көтереді. Қандай ғажап! Салауатты өміріміз үшін, мәнді де сәнді тірлігіміз үшін көпұлтты халықтың қамын ойлаған көреген көшбасшымыз медицинаға, спортқа аса мән беріп отыр. Сол секілді баспаналы болуды кім аңсамайды? Ол үшін «7-20-25» бағдарламасы көңілге қонымды.

    Біздің жаңадан құрылған Түркістан облысының орталығы атанған қаламызда қаншама зәулім құрылыстар бой көтеріп жатыр. Облыс әкімінің бастамасымен «Ақылды қалаға» айналып келеміз. Балаларға арналған ойын-сауық аулаларынан үш ай жаз бойы үйінің алдында доп қуып, бақытты балалықтың әр күнін көтеріңкі көңілмен өткізген ұл-қызды көрдік. Осы шаһарымызда жүзеге асып жатқан, атқарылып жатқан әр игі-істерді қалалық қоғамдық-саяси «Түркістан» газетінің тілшілері жазып, оқырманға жеткізіп отыр. Елбасымыздың салиқалы әрі салмақты Жолдауына «Түркістан» газеті арқылы да өз үндерін қосып, қолдауларын білдіруде. Мұның бәрі ынтымағымыз бен бірлігімізді, тату-тәтті тіршілігімізді көрсетеді. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болуда. Былтыр 2017 жылы «Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» атанып, еліміздің рухы жаңғырып, көптеген іс-шаралар өтті. «Рух - таза ақыл» деп Шәкәрім Құдайберді бабамыз айтқандай, киелі қаламыздың ашық аспанында домбырадан күй күмбірледі.

    Кемеңгер көшбасшымыз биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатының артуы үшін агроөнеркәсіп саласына, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына, қолжетімді баспанаға, жалақы мәселесіне де аса мән берген. Көңіліме тағы бір қонғаны, бұйыртса бір айдан соң төрімізге енетін жаңа жылымыз жастарға арналған. «Мен жастарға сенемін!» деп ақын Мағжан Жұмабаев өз заманында жырлағандай, біз де көздерінде оты бар, жүрегінде жалыны бар, кеудесінде иман-байлығы бар ізетті әрі оқымысты, қарапайым қалпынан танбайтын жастарға сенім артамыз. Барша Түркістан жұртының Жолдауды қуаттап, Елбасының әр айтқан тапсырмасын жүзеге асыратынына сенімдімін.

    Әскер ӘБДІҚАДЫРОВ,

    қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.