Түркістан жасыл аймаққа айналады.

    Түркістан жасыл аймаққа айналады.

    Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында жыл сайын түрлі ағаш көшеттері отырғызылады. Өткен 2018 жылдың күз айында қаланың негізгі көшелері мен Шәуілдір тасжолының бойына 46 000 түп ағаш көшеттері отырғызылып, қаланы суландыру бағытында 6 жерден терең ұңғымалы скважина құдықтар қазылған болатын.

    Өз кезегінде бұл жұмыстар жалғасын тауып биылғы жылы қаланың барлық аумағын қамтып, 100 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл көшеттердің денін шөлмен суға төзімді жиде, қара ағаш, емен тайланд және жеміс ағаштарының түрлері құрайды. Жоспарлан ағаш көшеттері тазалық мекемесінің жұмысшылары мен сенбіліктерге ат салысқан қаладағы барлық ұжымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қала жастарының күшімен отырғызылуда.

    Сонымен қатар, Түркістанның кіре беріс төрт қапталынан жаппай «Павловния» ағашын (10 мың түп) отырғызу қолға алынды. Осылайша Түркістанды жасыл желекпен көмкеру қызу жүруде.

    Түркістан қаласы әкімінің баспасөз-қызметі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.