«АШЫҚ МЕМЛЕКЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    «АШЫҚ МЕМЛЕКЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    Түркістан қаласы әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының ұйытқы болуымен қала тұрғындары қызмет алудың оңтайлы жүйесімен танысты.

    Іс-шараның мақсаты - «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын дамыту және жастардың, тұрғындарды ң сауаттылығын арттыру. Электронды үкімет (egov.kz) порталы арқылы тұрғындар кезекте тұрып уақыт жоғалтпайды және қаражатын үнемдейді.
    Қазіргі таңда 752 мемлекеттік қызметтер болса, оның 621-і халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданады. Ал, оның 506 қызмет түрін электронды үкімет порталымен алуға болады. Соның ішінде 24 қызмет ұялы телефонның көмегімен жүзеге асады. Яғни, «app store» мен «play market» қосымшалары арқылы 16 мемлекеттік, 8 сервистік қызметтерді пайдалануға болады.
    Дәлірек айтқанда, мекен-жай анықтамасы, сотталмағандығын растайтын анықтама, сондай-ақ, емханаға кезекке тұру және дәрігерді үйге шақыру сынды өзге де қызмет түрлері бар.

    Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.