
Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні сыйлық дайындап, анасының, қарындасының, сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.
Жер - дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев бастаған әр топ аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл еңбеккерлері, көп балалы аналарамызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Әр отбасының ұйытқысы болған аналарымыздың үйлеріне арнайы барып, отбасыларына мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Ақ жаулықты аналарымыз да ризашылықтарын айтып, жұыстарына табыс тілеп, баталарын берді.
Табиғаттың тамаша мерзімінде қала, ауылдық округтерде жалпы 500 анаға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі



