
5 наурыз күні еліміздің барлық өңірлерінде жаңа, жетілдірілген әліпбиді Республикалық ашық талқылаудың екінші кезеңі өткізілді.
Біздің облысымызда аталған шара Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тарапынан Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде ұйымдастырылды. Республикалық ашық талқылаудың екінші кезеңінде облысымыздың тілші ғалымдары мен мамандары жетілдірілген әліпбидің кейбір әріптеріне /с, ч, ж, ң, т.б./қатысты мәселелерді талқылады. Талқылау қорытындысында қабылданған ұсыныстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетіне және Ұлттық комиссияға жолданады.


