Терроризм актісі қауіпі төнгенде немесе орын алған жағдайда тұрғындардың әрекет ету алгоритмі

    Терроризм актісі қауіпі төнгенде немесе орын алған жағдайда тұрғындардың әрекет ету алгоритмі

    Байқай жүріңіз! Сіздің үй-жайыңыздың кіре берісінде, аулаңызда, көшеңізде бөгде адам мен бөтен заттардың болуын тек Сіз ғана дер кезінде анықтай аласыз.

    Сақ болыңыз! Айналаңыздағы адамдардың іс-әрекеттеріне, қалыптасқан ортадағы иесіз жатқан заттарға назар аударыңыз.

    Өз үйіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз: кіре беріске домофон орнатылған темір есік орнатыңыз, күнделікті төлелердің, шатырлардың, техникалық үй-жайлардың жабылуын тексеріңіз.

    Көліктің ішінде жолаушылардың қауіпті мінез-құлықына немқұрайлы қарамаңыз! Сіз көлікте қауіпсіз жол жүруге әбден құқылысыз.

    Ешқашан басқа адамға беруге немесе сақтауға заттарды алмаңыз, олар тіпті қауіпсіз болсада.

    Күдікті затты адамдар жоқ жерде тауып алғаныңыз Сіздің сақтылығыңызды төмендетпеуі қажет. Оны қастық ойлаушы бір нәрседен қорқып, тастап кетуі мүмкін.

    Егер де Сіздің жарылғыш заттармен жұмыс істеу тәжірибеңіз болсада, оларға тиіспеңіз, себебі оларды қолдан жасаушылар түрлі қулықтарды қолдануы мүмкін.

    Күдікті затқа жақындамаңыз және тиіспеңіз: ол Сіздің өміріңізге аса қауіп төндіруі мүмкін.

    Өз балаларыңызға жарылғыш заттар жайлы ақпарат беріңіз.

    Өз балаларыңызға қауіпсіздік шараларын үйретіңіз: бейтаныс адамдармен көшеде сөйлеспеу, оларға есік ашпау, иесіз ойыншықтарға жоламау, оларды алмау, табылған заттарға тиіспеу т.б.

    Жарылғыш затқа ұқсайтын затты тауып алған жағдайдатұрғындарға арналған жаднама

    Тауып алған зат жарылғыш зат болуы мүмкін екенін куәландыратын белгілер:

    • көлікте, баспалдақта, пәтерде тағы басқа жерлерде орама, немесе басқа да белгісіз заттың жатуы;

    2) тартылған сым, жіп, тартпа, электр тоғының сымдары немесе көліктің астынан салбырап тұрған изоляциялық лента;

    3) көлікте, үйдің кіре берісінде, пәтер есігінің алдында бөтен сөмке, портфель, қорап немесе басқа заттың болуы және әдеттен тыс орналасуы;

    4) Табылған күдікті заттан дыбыстардың шығуы (сағат механизмдеріне тәрізді дыбыстар, төменгі жиілік шулар)

    Біліп алыңыз: заттың сыртқы әлпеті оның шынайы арналуын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттардың сыртқы келбетін жасыру үшін қарапайым тұрмыстық бұйымдар пайдаланады: сөмкелер, пакеттер, орамалар, қораптар, ойыншықтар, тағы басқа бұйымдар.

    Егер Сіз күдікті затты тауып алған болсаңыз, ол жайды назарсыз қалдырмаңыз.

    Ол кезде:

    Үрейге жол бермеңіз.

    Сыбыстың (өсек) тарауына жол бермеңіз.

    Төнген қауып туралы шұғыл түрде «102» нөмеріне хабарлаңыз

    Қатаң тыйым салынады:

    • табылған заттқа тиісуге, ашуға және орнынан қозғауға;
    • табылған бөтен заттармен пайдалануға;
    • орнынан қозғауға, бір орыннан басқа орынға сүйреуге, домалатуға, қолға алуға;
    • көтеруге, алып жүруге, қалтаға, сөмкеге, портфельге т.б. салуға;
    • жерге көмуге немесе су қоймаларына тастауға;
    • табылған заттан шығып тұрған сымдарды үзуге, кесуге және ол затты зиянсыздандыруға әрекет жасауға;
    • ол заттың маңында радио, электр аппаратурасын, ұялы телефондарды мүмкіндігінше пайдаланбаңыз;
    • жарылғыш зат болуы мүмкін табылған, күдікті заттармен өз бетіңізше әрекет жасамаңыз, олардың жарылуы көптеген құрбандарға, қирауларға соқтығуы мүмкін.

    Тұрғындардың жарылғыш заттың іске қосылуының салдарынан жарылыс аймағында қалған немесе ғимараттардың сынықтарының астында қалғанжағдайғаарналған жаднама

    Егер Сіз жарылыс аймағында қалсаңыз, есіңіз тұнық, қозғалуға шамаңыз бар болса, ең алдымен түтін жоқ, өрт шықпай тұрған жерге жүріп немесе еңбектеп баруыңыз керек.

    Егер Сіз жарылыс салдарынан зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда жараланғандар болса, олардың жағдайын байқаңыз: пульсы барма, есі тұнықпа. Есінен танған болса, еш жағдайда оны нашатырь арқылы есін жиғызуға бармаңыз. Есінен айрылу – ол адам ағзасының сыртқы құбылыстан қорғаныс ету әрекеті. Егер зардап шеккен кісіде сынық болмаса (оның сүйектерін қолыңызбен мұқият тексеріңіз), оны жанына жатқызыңыз. Шалқасынан жатса ол өз құсығынан қақалуы, ал екбетімен жатса - түншығуы ықтимал. Артериялық қан ағуда (қанның түсі алқызыл, фонтан болып атқылап тұрады) жарақат орнын саусақпен болсада бітеп тұрып, белдікпен, жіппен, не болмаса басқа байламамен жарақат орнынан жоғары жерден таңып тастау керек.

    Егер Сіз ғимарат сынықтарының астында қалсаңыз үрейленіп мұңаймаңыз. Сабырлық сақтаңыз. Терең және бір қалыпты дем алыңыз. Құтқарушылар Сізді құтқаратынына ойыңызды бейімдеңіз. Дауысыңызбен, түрлі дыбыстармен адамдардың назарын аулаңыз. Егер Сіз ғимарат сынықтарының астында терең жерде қалсаңыз, Сізді эхопеленгатормен табу үшін кез келген метал (жүзік, кілт т.б.) заттарды оңға-солға қозғалтыңыз. Егер айналаңыздағы кеңістік көлемі бос болса, оттық жақпаңыз, оттегін үнемдеңіз.

    Сынықтардың қайта құлауына жол бермеу мақсатында қозғалғанда абай болыңыз, сырттан келген ауа бағытымен бағдар алыңыз. Егер Сіздің маңайыңызда кірпіш, тақтай немесе тағы басқа заттар болса, солардың көмегімен төбені нығайтуға әрекет жасаңыз. Егер қатты шөлдесеңіз аузыңызға кішірек тас салып, соны сорыңыз. Мұрныңызбен демалыңыз.

    Тұтқынға алынған жағдайдағытұрғындарға арналған жаднама

    Тұтқынға алу жағдайлары әр түрлі болып, біріне бірі ұқсамайды.

    Егер сізді тұтқын қылып ұстаса:

    • тез арада өз-өзіңізді қолыңызға алып, сабырлық сақтаңыз, үрейленбеңіз;
    • егер өзіңізді, көзіңізді байлап қойса, тырыспаңыз, терең демалыңыз;
    • Болуы мүмкін қатаң сынақтан өтуге жан-тәніңізбен дайын болыңыз. Есіңізде болсын, тұтқынға алынғандардың басым бөлігі тірі қалады. Құқыққорғау органдары Сізді құтқаруға бағытталған кәсіби шаралар атқарып жатқандығына кәміл сенімді болыңыз;
    • Егер қашудың тиімділігіне толықтай көзіңіз жетпесе қашпаңыз;
    • Террористтер жайлы неғұрлым көп ақпаратты есіңізге сақтап алыңыз. Олардың санын, қаруланғандығы жөніндегі мәліметті анықтап алған абзал болады. Мінез – құлықтарын, сөйлеу ерекшеліктерін, сыртқы әлпеттерінің ерекшелігін, дене бітімін басшылыққа ала отырап, олар жайлы неғұрлым толық сипаттама жасап алу қажет;
    • әр-түрлі белгілерді ескере отырып, өзіңіздің тұрған (қамалған) жеріңізді анықтап алуға тырысыңыз
    • мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және тұтқындаушылардан алшақ жерге орналасыңыз, себебі құқыққорғау органдары белсенді шаралар (ғимаратқа шабуыл жасау, мергендердің қылмыскерлерді атуы т.б.)
    • ғимаратты шабуылмен алған жағдайда қолды желкеге қойып, еденге бетпен төмен қарай жату керек;
    • Егерде шабуыл кезінде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанша) Сізді болуы мүмкін қылмыскерге ұқсатып дөрекілік көрсетсе, қарсылық білдіріп, ашуланбаңыз. Сізді тінтіп, кісендеп, байлап, тергеп, тіпті тепкіге солуы мүмкін. Осындай оқиғалар орын алған кезде шабуылшылардың мұндай әрекеттері (барлық тұлғаларды тексеріп, шынайы қылмыскерлерді анықтағанша) орынды екенін білгеніңіз жөн, және оларға түсінушілікпен қарауыңыз қажет.

    Ұрлаушылармен қарым қатынас құру:

    • террористтер ойланбай істейтін әрекеттер жасамау үшін, аса қарсылық көрсетпеңіз, кенеттен қимылдамаңыз;
    • мүмкіндігінше ұрлаушылардың көзіне тік қарамаңыз;
    • ең басынан бастап (әсіресе бірінші жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтарымен тапсырмаларын орындаңыз;
    • бір сарынды қарым қатынас құрыңыз. Бір қалыпты жайлы дауыспен сөйлеңіз. Тұтқыншылардың ашуына тиетіндей, қаһарлы көзқараспен іс-қимыл жасамаңыз;
    • өз-өзіңізді бір қалыпты ұстаңыз, сондай-ақ өз абыройыңызды түсірмеңіз. Үзілді-кеселді бас тарту көрсетпеңіз, алайда өз қыжалатыңызды айтуға қорықпаңыз;
    • Егер осы оқиға сізде бар ауруды қоздыру қауіпі бар болса, Сізді тұтқынға алған адамдарға байсалды түрде айтыңыз. Бірте-бірте қалыптасқан жағдайға орай өзіңіздің ыңғайыңызды түзеуге бағытталған өтініштеріңіздің денгейін күшейтуге болады.

    Тұтқын ретінде ұзақ болған жағдайда:

    • аяушылық, шатасу, мұңаю сезімдерінің жаулауына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға іштей дайын болыңыз. Ақыл-ой қабылетін жоғары денгейде ұстаңыз;
    • үмітсіздік сезімінің жаулауына жол бермеңіз, ол үшін ішкі бар батылдығыңызды салыңыз;
    • жағымды сәттерді еске түсіріңіз, олар туралы ойлаңыз. Уақыт өткен сайын бостандыққа шығу мүмкіндіктері өсе түсетінін еске сақтаңыз. Тап қазыр Сізді құтқаруға бар мүмкіндіктер қолданып жатқанына сенімді болыңыз.
    • үнемі қандай-да бір іспен айналыса беріңіз (жаттығу, оқу, өткен шақтарды ойлау т.б.). Тәуліктік дене және интелектуалды белсенділік кестесін ұстаныңыз, іс-әрекеттеріңізді әдістеп атқарыңыз;
    • Әліңізді қалыпты ұстау үшін берген тамақтың бәрін, тәбетіңіз тарпайтын, Сізге ұнамайтын болсада жей беріңіз.

    Психологиялық ұстанымдылықты сақтап қалу – тұтқындағыны құтқарудың ең маңызды шарттарының бірі. Ақыл-есті тынықтыратын, қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалауға ықпал ететін, жағымсыз сезімдермен уайымға жол бермеуге бағытталған кез келген әдіс жарайды. Келесі ережелерді менгеріп алған жөн:

    • осы жағдайға ыңғайлы дене жаттығуларды жасай беріңіз, кезек-кезек барлық бұлшық етіңізді жұмырлап, босатыңыз;
    • аутотренинг пен медитацияны қолданыңыз, ол Сіздің психикаңызды бақылауда ұстауға көмектеседі;
    • іштей оқыған кітаптарыңызды, өлеңдерді, әндерді есіңізге түсіріңіз, әр түрлі проблемеларды ойластырыңыз (математикалық есептер шығарыңыз, шет ел сөздерің еске түсіріңіз) Сіздің ақыл – есіңіз жұмыс істуі керек. Діни адамдар дұға оқуына болады.
    • мүмкіндік болса, қолыңызға түскен нәрсені оқи беріңіз, мейлі, оның мәтіні Сізге қызық болмасада. Сізден оны тартып алатындығына қарамастан жазу жазса да болады. Ақыл - есті сақтап қалуға септігін тигізетін процесстің өзі маңызды;
    • Сізбен болып жатқан жағдайды көңіліңізге алмай, оған сырт көзбен қарауға тырысыңыз, соңы жақсылықпен аяқталатынына кәміл сеніңіз. Қорқыныш, үрей және депрессия – Сіздің үш басты жауыңыз, олар сіздің ішіңізде.

    Эвакуациялау жөнінде ақпарат түскен жағдайдағытұрғындарға арналған жаднама

    Егер Сіз эвакуациялау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:

    • ауа райына сәйкес киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаңызды, құнды заттарыңызды алыңыз;
    • электр қуатын, газ, суды ажыратыңыз, пештегі (каминдег) отты өшіріңіз;
    • қарт, ауру адамдарға эвакуациялануға көмек көрсетіңіз;
    • сырқы есікті құлыптап жабыңыз;
    • Ғимараттан алысттап тұрыңыз, эвакуациялаушының берген тапсырмаларымен нұсқауларын бұлжытпай орындаңыз, қалдырған ғимаратқа жауапты тұлғалардың рұқсатымен ғана кіріңіз.

    Егер Сіз эвакуациялау туралы ақпаратты жұмыс орнында естісеңіз:

    • үреймен асығысқа салынбай қызметтік құжаттарыңызды сейфке немесе кілттенетін жәшіктерге салыңыз;
    • құжаттарыңызды, ақшаңызды, құнды заттарыңызды алыңыз;
    • оргтехникамен электр бұйымдарды сөндіріңіз;
    • есікті кілттеп, эвакуациялау сызбасында көрсетілген бағыттармен қозғалыңыз;
    • Ғимараттан алысттап тұрыңыз, эвакуациялаушының берген тапсырмаларымен нұсқауларын бұлжытпай орындаңыз.

    Терроризм актісі жасалған немесе қаупі төнген жағдайдағы іс-қимылды түсіндіру үшін тұрғындармен өткізілген кездесулер туралы есеп

    Ауылдық округ

    Кездесу өткізілген елді-мекендер саны

    Өткізілген кездесулер саны

    Қатысқан адамдардың саны

    Таратылған алгоритм саны

    1.

    Кеген

    3

    5

    2000

    1800

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.