Жетілдірілген әліпби жобасы талқыланды

    Жетілдірілген әліпби жобасы талқыланды

    Бүгін Тіл сарайында филолог-ғалымдардың қатысуымен ашық талқылау жиыны өтті. Жиынға қатысушылар Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық және ІТ-сүйемелдеу жұмыс тобының бірлескен отырысында мақұлданған, жаңа әліпби жобасын төмендегі жеті мәселе бойынша талқылады.

    1. С әріпін әліпбиге енгізу керек пе?

    2. Енгізілсе, С әрпімен Ч дыбысын белгілеуді құптайсыз ба?

    3. С әріпімен Ц-ны белгілеп, Ç-мен Ч дыбысын белгілеген дұрыс па?

    4. Ұсынылған әліпбидегі Iɪ -i мен İi -мен и таңбалары ұқсас болғандықтан, шатастырмас үшін Ии-дыбысын Jj-мен, ал

    -мен Жж дыбысын белгілеуді құптайсыз ба?

    5. Iɪ -i мен İi -мен и дыбысын орындарын ауыстыру немесе сол қалпы қалдырудың қайсысын құптар едіңіз?

    6. Ң – әріпін латында жоқ Ŋ-таңбасымен берген дұрыс па, әлде N әріпінің үстіне тильда немесе бревис қою арқылы таңбалауды құптайсыз ба

    7. Ww, Xх, С таңбалары тек пернетақтада орналасу керек дегенді құптайсыз ба?

    Жиынды Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев жүргізді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.