
Маңғыстау облысы Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына әкімшілік заңнаманың нормаларына сәйкес азаматтардың 7 (жеті) тәулік ішінде 50% көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге құқығы бар екенін ескертеді.
Осы мақсатта құқық бұзушылыққа жол берген адамдарға хаттамамен бірге айыппұл сомасы 50% көрсетілетін түбіртек тапсырылады және оны төлеу тәртібі түсіндіріледі.
Бұдан әрі хаттама жасалған сәттен бастап 24 сағат ішінде салынған айыппұл туралы мәліметтер ІІМ деректер базасына енгізіледі, одан кейін айыппұлды он-лайн режимінде «egov.kz» электрондық үкімет порталында көруге және төлеуге болады ескерту.
Бұл ретте жүйе 7 тәулік ішінде айыппұл мөлшері 50% мөлшерінде көрсетілсе, келесі тәулікке айыппұл, егер ол төленбеген болса, автоматты түрде толық мөлшерде қойылады. Айыппұл электрондық үкімет порталы арқылы төленген жағдайда төлемнің түскені туралы мәліметтер дереу ІІМ деректер базасына түседі және айыппұл өтелген болып есептеледі, одан әрі квитанцияны ішкі істер органдарына беру қажет емес.



