Қызылағаш құрбандарын еске алу

    Қызылағаш құрбандарын еске алу

    2010 жылы наурыздың 11-нен 12-не қараған түні Қызылағаш су қоймасы жарылып Қызылағаш, Ақтоған, Егінсу ауылдарын су басқан еді. Апатты жағдайға 10 жыл толуына орай бүгін Қызылағаш ауылына облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы арнайы келді. Қызылағаш ауылындағы 2010 жылы тасқыннан опат болғандарға арнап қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Қызылағаштықтарға өзінің жылы лебізін білдірді. Ауыл тұрғындары да сол кездегі оқиғаны естеріне алып, өз тебіреністерін жеткізіп, елге-жұртқа, сол кезде ел тұтқасын ұстаған ағаларға өз алғыстарын айтты. Рәсімнен соң облыс әкімі ауылдық мешітке барып, қаза болғандарға арнап құрбан шалып, құран бағыштады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.