
Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ерекше бақылауда ұстау керектігін, ал өзгерген жағдайда жедел шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осыған орай, ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Ақтау қаласының әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге басекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы М. Абдыкадыров, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Б. Сүлейменов, тауар жеткізушілер және сауда орталықтарының иелері қатысты.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, басекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Мұнайлы ауданының әкімдігі, тауар жеткізуші, сауда орталықтарының иелерімен 4 жақты меморандумға қол қойылды.



