Киіктердің мүйіздерімен заңсыз айналысқаны үшін залал өндірілді

    instructions·
    Киіктердің мүйіздерімен заңсыз айналысқаны үшін залал өндірілді

    БҚО Ақжайық ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен мемлекет пайдасына 10,8 млн. теңге өндірілді.

    Анықталғаны, 2019 жылғы 20 наурыздағы сот үкімімен ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша К., Р. және К. кінәлі деп танылып, олардан 10,8 млн.теңге шығын өндірілген.

    Осы жылдың 15 мамырынан бастап сотталғандар бар болғаны 180 мың теңге өтеген.

    Дегенмен, прокурорлар ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, борышкерлердің меншігінде 105 ірі қара мал және 382 қойдың бар екендігін анықтады.

    Прокуратураның ұсынуы бойынша «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 32, 66-баптарының тәртібінде сот орындаушы мүліктің тiзiмдемесін жасап, мүлікке тыйым салынды.

    Ауыл шаруашылығы малдарын сауда-саттықта шығару туралы хабарламадан кейін борышкерлер қалған соманы толығымен өтеді.

    2019 жылдың өткен кезеңінде аудан прокуратурасымен атқарушылық іс жүргізу саласында 2 ұсыну енгізіліп, 13 млн.теңге өндірілді, 3 сот орындаушысы тәртіптік, 2 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.