Экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды

    instructions·
    Экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды

    БҚО Жаңақала ауданы прокуратурасымен заңсыз жерді қазу және тұрмыстық қалдықтарды төгу фактілері анықталды.

    Мысалға, «Ж» ЖШС-гі Жаңақала ауылы маңында арнайы рұқсатсыз жерді қазу арқылы саз топырақты алып, Экологиялық кодекстің 12-бабының талабын бұзған.

    Экология департаменті маманының қорытындысына сәйкес көлемі 210 текше метр болатын топырақ алынып, 950 мың теңге залал келтірілген.

    Прокурорлық қадағалау актісі негізінде уәкілетті органмен «Ж» ЖШС-не Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 139-бабымен (жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу) 631 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Қоршаған ортаға келтірілген залалдың құны мемлекет пайдасына толық өндірілді.

    Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонның экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, «Жаңақала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мен Жаңақала ауылдық округінің әкімі А.Г. Ахметов Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 337-бабымен (жерді бүлдіру) және 344-бабымен (өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу) жауапкершілікке тартылды.

    Құқық бұзушылармен 63 мың және 25 мың теңге көлемінде айыппұл төленді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.