Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде вирустың алдын алу шаралары қолға алынып, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде вирустың алдын алу шаралары қолға алынып, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылды.

    Құрметті жерлестер, өздеріңізге белгілі Дүниежүзілік ДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады.
    Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде вирустың алдын алу шаралары қолға алынып, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылды.
    Коронавирустың алдын алу мақсатында барлық мектептерде 16 наурыз - 5 сәуір аралығында каникул жарияланды. Ал 16 наурыздан бастап Қазақстандағы жоғары оқу орындары онлайн оқуға көшірілуде.
    Сондай ақ, биыл Наурыз мейрамына аясындағы іс-шаралардың формасы өзгертіліп, халық көп жиналатын шаралардан шағын форматтағы мерекелік іс шараларға ауыстырылуда.
    "Сақтасаң сақтайды" дейді халық даналығы. Бұл жұмыстар - коронавирустың алдын алу шаралары, бәрімізге еліміздің амандығы маңызды.
    Ең тиімді алдын алу шарасы - гигиенаны сақтау. Мүмкіндік болса, қажетсіз кездесуге, мерекелерге, тойларға қатыспағандарыңыз абзал. Аудан тұрғындарына халық көп жиналатын той ұйымдастыруды кейінге шегеруді немесе келетін қонақтар санын азайтуды ұсынамын. Бұл - сізге және жақындарыңыз үшін қажетті шара.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.