Поздравление акима района с праздником "Амал мерекесі"

    Поздравление акима района с праздником "Амал мерекесі"

    Ардақты ағайын!

    Баршаңызды бүгінгі Амал – Көрісу күні мерекесімен құттықтаймын!

    Амал - қыстан шыққан елдің бір-бірімен аман-саулық сұрасып, төс қағыстырып, елдің тыныштығы мен бірлігін көрсететін мерекесі. Бұл күні араздасқан ағайын бәрін ұмытып, бір-бірін кешірісіп, татуласатын күн.
    Көрісу күнінде жасы кішілердің үлкенге барып сәлемдесіп, батасын алуы - тәрбиелік мәні зор дәстүр. Амал күнгі ақ тілектер халқымыздың ауызбіршілігін арттырып, бірлігін нығайтады, жүзімізге нұр, жүрегімізге қуаныш ұялатады.

    Құрметті аудан тұрғындары!

    Өздеріңіз білесіздер, әлемді алаңдатқан белгілі жағдайға байланысты биылғы Амалды қасиетті Отпан тауда тойлауға мүмкіндік болмады. Ең бастысы,
    халқымыз аман болса, талай мереке тойланар.
    Берекесі бекем, рухы биік қазақ еліміз бұл қиындықтан да қиналмай өтіп, сабырмен, жеңіл еңсеретінімізге сенімім зор.

    Амалда айтылар көл-көсір көптің тілектері қабыл болып, жаңа жыл жақсылығын, ырыс-несібесін әкелсін!
    Әрбір шаңыраққа шырайлы шуағын төгіп, еліміз аман болсын!

    Ізгі тілекпен, Қ.Беков

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.