Департамент мамандары қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті мамандары балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыстады.
Отбасыларды және балаларды шаттандыру, қуаныш сыйлау қызметкерлердің санасының жоғары деңгейін көрсетеді. Осындай шаралар еріктілер жылында ізгі дәстүрге айналып өз жалғасын табады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің бас маманы
Егизтаева И.Т.


