
Абай ауданының әкімінің азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі кеңесшісі тұрғындарды қабылдады. Абай ауданының әкімінің азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі кеңесшісі - Мұратов Бурхан Нұрланұлы тұрғындарды қабылдау жұмысын жүргізді.
Қабылдау барысында жайылымдарды цифрландыру, лизингке техника алу бойынша түсініктемелер беріліп, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Шпекбаев Алик Жатқамбайұлының тапсырмасына сәйкес, «Adal komek» жобасы аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді.
Абай ауданының әкімінің азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі кеңесшісі - Мұратов Бурхан Нұрланұлы:
Азаматтарды қабылдау уақыты: Тұрақты негізде.
Қабылдау орны: Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14, аудан әкімдігінің ғимараты, 1-қабат, «Ашық әкімдік» фронт-офисі.
Байланыс телефоны: 8-72-252-9-12-44
Электрондық мекен-жайы: [email protected]


