«Бастау-1001» сигнал келіп түсті

    «Бастау-1001» сигнал келіп түсті

    «Бастау-1001» сигнал келіп түсті

    25.02.2020 жылы сағат 8:00-де (жергілікті уақыт) Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшілігінен «Бастау-1001» сигналы келіп түсті.
    Мұнайлы ауданының әкімі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасына келіп түскен сигнал бойынша дереу хабарланды.
    Сигнал бойынша аудандық ТЖ комиссиясы мүшелері мен арнайы қызмет басшыларына хабарланып, аудандық штабқа шақыртылды. Азаматтық қорғау қызметтерінің құрамдарымен техникаларын сапқа тұрғызып, бірінші кезектегі іс-шарларды орындауға дайындау туралы тапсырмалар берді. - Өртке қарсы қызметтен 12 адам 2 өрт сөндіру көлігі; - Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінен 25 адам 4 арнаулы автокөліктері; - Медициналық қызметінен 10 адам 3 арнаулы автокөліктер; - Инженерлік қызметінен 25 адам 15 әртүрлі техникалар, 10 мотопомпа; - Сауда және жанарғармай қызметі 3 адам; - Химиалық, радияциялық қорғау қызметі 4 адам; - Байланыс қызметінен 4 адам 1 автокөлік; - Көлік қызметінен 11 адам 5 арнайы техника; - Жолдар және көпірлер қызметінен 11 адам 7 әртүрлі техникалар; - Энергетика қызметі 25 адам 5 арнайы техника; - Газ жүйесі бойынша авариялық техникалық команда 20 адам 3 арнаулы техникалар; - Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі 12 адам 7 арнайы автокөлік.
    Барлығы: 167 адам. 53 техника.
    Аудан әкімінің #ЕлтизаровРахат тапсырмасына сәйкес, азаматтық қорғаныстың басшылық құрамына, келіп түскен «Азаматтық қорғаныс» сигналы бойынша хабарлама жасап, Азаматтық қорғау қызметтерімен шұғыл әрекет ету отряды басшыларына техникалар мен күштерді дайындыққа келтіруді, басшылық құрамның және Азаматтық қорғау қызмет басшыларының негізігі тұрақты орындары бойынша бірінші кезекте күндіз-түні кезекшілікті 2 сағат ішінде ұйымдастыруды тапсырды.

    #Мұнайлы #ауданы #жаңалықтар #МұнайлыАуданы #МұнайлыЖаңалық #МұнайлыАқпарат
    #Мұнайлы #ауданы #жаңалықтар
    Мұнайлы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.