Прокурорлар бюджетті толтырды

    instructions·
    Прокурорлар бюджетті толтырды

    БҚО Бөкей ордасы ауданы прокуратурасымен мемлекеттік мүлікті пайдалану барысында мемлекеттік қаржының негізсіз жұмсалғаны анықталды.

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 75-бабы тәртібінде халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге су құбыры желілерін алған сенімді басқарушылар оларды жөндеу және сатып алу бойынша шаралар қабылдамағаны, ал ол болса негізсіз мемлекеттік қаражаттың бөлінуіне әкелгені анықталды.

    Мысалы, 2017 жылғы 7 және 30 қарашада «Ұ» ЖШС хаты негізінде ауылдық әкімдік мемлекеттік сатып алу арқылы жалпы сомасы 405 мың теңгенің 2 су сорғышын сатып алған.

    Дегенмен, сенімді басқарушылармен жасалған шарттың 2.4.6.-тармағына сәйкес серіктестік су құбыры желілерін күтіп ұстауға және оны жөндеуге өз қаражатынан ақша бөлуге міндеттенген.

    Дәл осылай Бисен ауылында су құбырының үздіксіз жұмыс істеуі үшін 425 мың теңгеге жергілікті бюджет есебінен су сорғыштар сатып алынған. Ал оның сенімді басқарушысы «С» ЖК шарттық міндеттерін орындамаған.

    Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бюджетке 830 мың теңге қайтарылды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.