
ЖЕР САЛАСЫ БОЙЫНША МАМАНДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Маңғыстау облысы әкімінің аппарат басшысы Н.Тәжібаевтың 29.01.2020ж. бекіткен «2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына арттыру жөніндегі іс-шара жоспарының» 4-тармағын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың ақпан айының 26 күні Жаңаөзен қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Үйсеновпен бірлесіп Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі және бақылау бөлімінің басшысы Р.Мугалова және Батыр, Баянды, Атамекен, Қызылтөбе ауыл мен ауылдық округі әкімі аппараттарының жер саласына жауапты мамандары тәжірибе алмасты.
Тәжірибе алмасу барысында «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының жобасын және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің сәйкессіздіктері, сондай-ақ «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» қызметін электронды түрде көрсетудегі кедергілер жөнінде талқыланды.
#Мұнайлы #ауданы #жаңалықтар #МұнайлыАуданы #МұнайлыЖаңалық #МұнайлыАқпарат
#Мұнайлы #ауданы #жаңалықтар
Мұнайлы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

