
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында өткен кезеңнің жұмыс қорытындысы және осы жылға қойылған басым бағыттар талқыланған алқа отырысы өткізілді.
Облыстағы криминогендік жағдай қылмыстық құқық бұзушылықтың 11 пайызға (12 420-дан 11 105-ке дейін) төмендеуімен сипатталады.
Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау 33 пайызға азайды (470-тен 315-ке). Бұл қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын кең қолданылуына байланысты.
2 102 қылмыстық іс электрондық форматта тіркеліп, оның 708-і сотқа жолданды.
Түзеу мекемелерінде 10 кәсіпкермен жұмыс орындары ашылды, 263 сотталған жұмыспен қамтылды. Сотталғандармен бюджетке 59 млн. теңге төленді.
Сот орындаушылармен бірлесіп 31 млн. теңге қылмыстық айыппұл өндірілді.
Әлеуметтік-экономикалық салада 1 мыңнан астам азаматтың пайдасына 40 млн. теңгеден астам зейнетақы аударылымдары өндірілді.
34 оқушы тіркелген әлеуметтік желіде қауіпті 8 қауымдастық анықталып, жабылды.
Әкімшілік істер бойынша сот актілерін қайта қарау нәтижесінде 6 млн. теңге қаражат қайтарылды.
Жоғарғы Сотпен облыс прокуратурасының бастамасымен енгізілген азаматтық істер бойынша 7 кассациялық наразылық қанағаттандырылды және анықталған бұзушылықтар бойынша 4 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Атқарушылық өндіріс бойынша қадағалау актілерімен бюджетке 123 млн. теңге өндірілді, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 23 және 71 тұлға тартылды, 2 жеке сот орындаушы қызметін тоқтатты.
Шағымдарға ықпал ету механизмін жетілдіру нәтижесінде азаматтардың мемлекеттік органдарға өтінішпен жүгінуі 11 пайызға, прокуратура органдарына 20 пайызға азайды. Жеке қабылдауда 4 690 азамат, оның ішінде 2 698 адам басшылармен қабылданды.
Құқық қорғау қызметтері орталығына 1 710 азамат жүгінді, оның 1 020 прокурормен қабылданып, барлығына заңнама талаптары түсіндірілді, талап арыз толтыруға, шағым жасауға көмек көрсетілді.
Отырыс қорытындысында облыс прокурорымен бірқатар тапсырмалар беріліп, 2019 жылға міндеттер айқындалды.


