Сырым ауданында ашық сот өткізілді

    instructions·
    Сырым ауданында ашық сот өткізілді

    Сырым аудандық прокуратурасының бастамасымен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Сырым аудандық сотының ғимаратында ашық сот процессі өткізілді.

    Сот отырысына аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 15 сотталған адам қатысты.

    Сотта сотталған Ж. тарапынан бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібін өрескел бұзуға жол бергені бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысы қаралды.

    Сот барысында анықталғаны, 2019 жылдың 19 наурызда Орал қалалық сотының үкімімен ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша азамат Ж. 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

    Сотталған Ж. пробация есебінде бола тұра бірнеше рет ӘҚБтК-нің 440 (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және 441-баптары (Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    2019 жылдың 2 қазаны сотталған Ж. ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

    Сонымен қатар, 2019 жылдың 5 қарашасы кезекті белгіленуге келмей, пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін 2019 жылдың 20 желтоқсанда аудан сотымен іздеуге жарияланды.

    Нәтижесінде, 2020 жылдың 22 қаңтарда сотталған Ж. Орал қаласында, полиция қызметкерлерімен ұсталды.

    Сот тараптардың пікірін тыңдап, пробация қызметінің сотталушыға Ж. бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 2 жыл 9 ай 20 күнге бас бостандығынан айыру жазасына өзгертіп, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге қаулы етті.

    Ашық сот отырысы Ақжайық телеарнасының тілшілерінің қатысуымен өткізілді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.