
Төтенше жағдай кезінде тұтынушылық несие бойынша қарыз болса, өсімпұл мен айыппұл есептелмейді. Банктер кәсіпкерлерге қарызды кейін төлеуге мүмкіндік жасайды.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.
«Жеке және заңды тұлғалар төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты төлемдерін кешіктірсе, қарыздар мен микронесиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмеуі тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға, банктер ғана емес ломбардтарды және несиелік серіктестіктерді, қарыз беретін барлық кредиторды қоса алғанда барлық микроқаржы ұйымдары берген қарыздарға қолданылады», - деді ол.


