Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

    Жемқорлық – мемлекетіміздің беделіне, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіреді.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

    Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

    Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, парасаттылық, адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында аудандарда білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде өтіп отыруы қажет.

    Осыған орай, 2020 жылдың ақпан айында Абай ауданында бірқатар іс-шаралар өткізілді: Әдеп нормаларының бұзушылықтарының көлемін азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау мақсатында пара алмау, аудан болып үлес қосу, сыбайлас жемқорлықтан таза аудан болу, аудан экономикасын көтеру бағыттарында Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарында Әдеп жөніндегі уәкіл М.Смағүлов «Үндеу» жариялады, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық, адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі дөңгелек үстел өткізді, ауданның ветеринария бөлімі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы семинар өткізді, «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесі толықтай енгізілді, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық материалдарды таратумен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты акциясы өтті, Кеңгірбай би ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөнінде жиын ұйымдастырылды. Осы бағытта іс-шаралар әлі де жалғасын таба бермек.

    Аудан әкімі аппараты

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.