
Әлемнің жүздеген мемлекеттерінде пайда болып, талай жанды аурухана қабырғасына қамап, халықты әбігерге салған короновирус ауруы өкінішке орай, біздің елімізге де жетті. Осыған орай, ҚМДБ тарапынан пәтуа шығарылып, жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды. "Маңғыстау облысының барлық мешіттерінде сақтық шаралары қолға алынып, тазалық жұмыстары уақытылы жүргізіліп отыр. Сондай-ақ, жамағатқа мешітте жиналып, шоғырлануға болмайтындығы және уақытша намазды әркім үйінде оқып, түрлі ас-садақаларға бармау қажеттігі түсіндірілуде. Қауіпсіздікке қатысты тиісті шаралар тұрақты жүргізіліп, тексеру жүргізіліп отырады",-дейді ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов.



